Президент Бішкекте ҚазҰУ филиалының ашылуына қатысты

Президент Бішкекте ҚазҰУ филиалының ашылуына қатысты

Президент Бішкекте ҚазҰУ филиалының ашылуына қатысты
ашық дереккөзі
Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапары Садыр Жапаровпен Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысуымен аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көрсетті. Оқу ордасының білім беру ерекшеліктеріне тоқталып, қырғыз студенттері үшін грант бөлінетінін жеткізді. Сонымен қатар президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамымен танысып, университеттің қырғызстандық түлектерімен әңгімелесті. Соңында Мемлекет басшысы «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңбасын қалдырды.