Екібастұздық кеншілер Президент бастамаларын қолдайды

Екібастұздық кеншілер Президент бастамаларын қолдайды

Екібастұздық кеншілер Президент бастамаларын қолдайды
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттары кеншілерге Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы баяндады деп хабарлады turkystan.kz. Екібастұзға жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким мен Анатолий Бойчин қала, аудандарды аралап, референдумға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кездесуде «Восточный» көмір кенішінің      жұмысшылары 5 маусымда сайлау учаскелеріне баруға дайын екендерін жеткізді.

Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек.

«Президент ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы көпжылдық сұранысынан туындады. Оларды тиімді іске асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болды. Басқаша айтқанда, конституциялық реформа қажет болды. Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Мәслихаттардың ықпалы артады Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді»,- деді Айгүл Нұркина.

Адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулерге маңызды рөл беріледі. Конституциялық түзету өлім жазасын түбегейлі жояды.

«Құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр», - деді Вера Ким.

Жиында кенші Виктор Носенко Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты ойын ортаға салды.

«Түзетулер тұрғысынан көп нәрсе әсер етеді. Алдағы референдум - біріншіден, заңнамаға енгізілген 33 түзету. Екіншіден, халық таңдауы. Мен отбасыммен бірге референдумға  барамын. Бұл - барлығымыз үшін өте маңызды сәт»,- деді Виктор Носенко.

Жақын арада Республикалық штабтың мүшелерімен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді түсіндіру мақсатында өңірдің бірнеше аудандары мен шалғай ауылдарына жұмыс сапарлары жоспарлануда.