Асанәлі Әшімовке «Оскарды» сыйға тартты

Асанәлі Әшімовке «Оскарды» сыйға тартты

Асанәлі Әшімовке «Оскарды» сыйға тартты
ашық дереккөзі

Киногерлер Асанәлі Әшімовке ерекше сый жасады деп хабарлады turkystan.kz.

8 мамырда театр және кино саласының саңлағы Асанәлі Әшімов 85 жасқа толды. Осыған орай «Қазақфильм» киностудиясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада актерге киностудия өкілдері түрлі сыйлық жасады. Оның ішінде ерекшесі - Асанәлі Әшімовтің фильмдері жиналған кітап тәрізді флешка. Ал Ақан Сатаев киногерлердің атынан асылтұқымды тұлпар сыйлады.
«Арабтың үш жасар арғымағы. Есімі - Оскар. Осы «Оскарыңыз» болсын. Бізге жол сілтеп, үлгі көрсетіп жүре беріңіз», - деді режиссер. Асанәлі Әшімов - Кеңес Одағының және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері.