Нұр-Сұлтан қаласында крематорий құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласында крематорий құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласында крематорий құрылысы басталды
ашық дереккөзі
Елордада зираты бар крематорий құрылысы басталды. Бұл туралы қала  әкімдігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде»,- деп түсіндірді ведомство.
Крематорийді 2023 жылдың бірінші тоқсанында ашу жоспарланып отыр. Қазір қазандық орнату жұмыстары басталды. Айта кетсек, құрылыстың құны нақтыланбағанымен, екі жыл бұрын бұл жоба қоғамдық талқылауға түсіп, 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыға бағаланған еді.