​​AMANAT партиясының мүшелері Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында болды

​​AMANAT партиясының мүшелері Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында болды

​​AMANAT партиясының мүшелері Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында болды
ашық дереккөзі
​​AMANAT партиясының мүшелері Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында референдумның маңыздылығын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. AMANAT партиясының Хатшысы Ринат Кертаев және Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева елордадағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының ұжымымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты орталықтағыларға 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын түсіндіру болды. Партия Хатшысы алдымен паралимпиада шеберлерінің еліміздің спорт саласына қосқан ерен еңбегіне ерекше тоқталып өтті.
«5 маусым күні өтетін референдум арқылы шешім шығаруда сіздердің де дауыстарыңыз маңызды. Сіздерге де елімізде болып жатқан саяси өзгерістер түсінікті болуы керек. Бұл мәселені Парламенттің қарауына шығарып, референдум өткізбей-ақ жасауға да болатын еді. Алайда Мемлекет басшысы Ата Заңға енетін өзгерістерді халық өзі қарап, талдап, таразылап дауыс берсін деген мақсатпен референдум өткізуді ұсынды», – деді Ринат Кертаев.
Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева да өз тарапынан реформаларға қатысты мәліметтерді бөлісті.
«Бұл референдумның маңызы өте зор. Себебі ондағы өзгерістердің ауқымы өте үлкен. Осыған орай, азаматтар бұл референдум бідің өмірімізге қандай өзгерістер алып келеді деп жиі сұрайды. Халықты ең көп алаңдататыны - әлеуметтік мәселелер. Әлеуметтік мәселелерді шешуді саяси реформалар енгізуден бастау керек деп есептеймін. Қазақстандықтарға референум арқылы саяси өзгерістердің орын алуына ықпал етуге мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан әрбір азамат осы мүмкіндікті тиімді пайдалануы тиіс», – деді Мәжіліс депутаты.
Партия өкілдері түсіндіру жұмыстарынан соң орталық қызметкерлері мен қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Айтхожин Азамат та қатысты. Ол ерекше қажеттілігі бар азаматтардың мәселелерін үнемі тыңдап, қалалық әкімдікке жеткізіп, олардың шешімін табуға жиі көңіл бөлетіндіктерін айтты. Бүгінгі өткен шарада да атқарылған жұмыстардың нәтижесін бөлісіп, азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.