Ninety One тойларда өнер көрсетпек

Ninety One тойларда өнер көрсетпек

Ninety One тойларда өнер көрсетпек
ашық дереккөзі
«Өзіміз ғой» бағдарламасында қонақ болған Ninety One тобы алдағы жоспарымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, Ninety One бұған дейін тойға шықпаған. Топ мүшелері тойға шақырту алса, енді бас тартпайтынын жеткізді.
«Егер біздің шағын райдеріміз орындалса, тойға шығып көрейік деп шештік. Басында той мен шоу-бизнесті бөліп, екеуін араластырмаған едік. Барлық күш-жігерді шығармашылыққа қойдық. Дегенмен, той - қазақтың қазынасы, одан қашып құтыла алмаймыз. Негізі, «біз тойға ешқашан шықпаймыз» деп айтпағанбыз. Ерболат аға не дегенін білмейміз, бірақ біз олай деп мәлімдеме жасамадық», - деді топ жігіттері.