Шашы мен тырнағы ұзын жас түлек елді елең еткізді (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептердің бірін тәмамдаған Темірлан есімді жас түлек соңғы қоңырау кешінде өзгеше стилімен көптің көзіне түсті деп хабарлады turkystan.kz.

Шашы мен тырнағын өсірген бозбаланың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

«Мектепті енді аяқтап жатырмын. Аудармашы мамандығына оқуға түскім келеді. Әзірге қай қалаға баратынымды шешпедім. Оқу орнында осындай имиджбен жүру маған еш қиындық тудырған жоқ. Шашым мен тырнағым туралы ештеңе айтқым келмейді. Сондай-ақ бұл стилім Q-Pop жанрына да жатпайды. Өзінше бөлек стиль», — деді жас түлек.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АСТАНА ПОКАЖЕТ НАРОДНЫЙ (@astana_pokazhet)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button