Жаңалықтар

Көлік аударылып, 7 мектеп түлегі зардап шекті

ашық дереккөзі

Көлік аударылып, 7 мектеп түлегі зардап шекті

25 мамырда Маңғыстау облысында жол апаты болып, 7 адам зардап шекті. Анықталғандай, көлікте мектеп бітіруші түлектер отырған деп хабарлады turkystan.kz. «Сайотеса ауданындағы тас жол бойында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 мектеп бітіруші түлек зардап шекті. Жетеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған, оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр», - деді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ. Зардап шеккен екі жасөспірім санитарлық авиацияның көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген. «Зардап шеккен 2 жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қалған 5-еуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Барлығы да Маңғыстау аудандық ауруханасында ем алып жатыр», – дейді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.