Сәбит Шонтақбаев 13 жыл бұрын да бір адамды құтқарып қалған (ВИДЕО)

Сәбит Шонтақбаев 13 жыл бұрын да бір адамды құтқарып қалған (ВИДЕО)

Сәбит Шонтақбаев 13 жыл бұрын да бір адамды құтқарып қалған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордада 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев 13 жыл бұрын да адам өмірін аман алып қалған деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында ол Bosat подкастында берген сұхбатында айтып берген.
«2009 жылы жол бойында жұмыс істейтінмін. Жағажайға суға түсуге бардым. Сол кезде бір қыз суға біресе батып, біресе шығып жатты. Мен оның жүзе алмай жатқанын түсініп, көмектесу үшін тұра ұмтылдым. Судан алып шықтым. Суға түсе алмайды екен. Ол кезде де алғыс арқаладым. Ол уақытта қазіргідей желінің дамымаған кезі. Телефон жоқ. Камераға ешкім түсірген жоқ. Қазіргідей кез емес. Сондықтан қазіргідей шу болған жоқ. Ол қыз да рахметін айтып кетіп қалды», – деді С.Шонтақбаев.