Қазақстандықтар Чанпэн Чжаоға шапан жапты (ВИДЕО)
Қазақстандықтар әлемдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі, Binance криптобиржасының негізін қалаушысы Чанпэн Чжаоға шапан жапты деп хабарлады turkystan.kz.
Айта кетсек, ол кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесін талқылады.
Сондай-ақ кездесу соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.