Лейло БЕКНАЗАР-ХАНИНГА: Халық заңды, өз құқығын түсіне бастады

Лейло БЕКНАЗАР-ХАНИНГА: Халық заңды, өз құқығын түсіне бастады

Лейло БЕКНАЗАР-ХАНИНГА: Халық заңды, өз құқығын түсіне бастады
ашық дереккөзі
– Әрине, саяси өзгерістер туралы болжам жасай­тын саясаткер емеспін. Бірақ неде болса өзгерістің бә­рін жақсылыққа жорығанымыз жөн. Қарапайым қа­зақстандықтардың бірі ретінде Конституцияға өз­герістер жасауға байланысты өткелі отырған референ­дум­нан көп үміт күтемін, жақсы өзгерістер болады деп сенемін. Конституцияға енгізілгелі жатқан өзгерістердің ішінде жер иесі халық екенін көрсеткен бапты қатты қолдаймын. Еліміз, жеріміз бай, аталған өзгерістер қа­былданса, халыққа жақсы болар еді. Сосын ел ішінде көп айтылатын Мем­лекеттік тілге байланысты мәселелер шешімін тапса екен деп ойлаймын. Әрине, Конституциямыз бойынша еліміздің барлық азаматтарының құқығы тең, демек бәріміз мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңейгенін, барлық жерде мемлекеттік тілге құрмет көрсетілуін қолдаймын. Өйткені кім қайда жасаса да, сол елдің мемлекеттік тілін құрметтеуге міндетті. Осы мәселе референдумнан кейін оң шешім табар деп сенемін. Бұрынғылары туралы онша біле бермеймін, бірақ осы референдум халыққа үлкен үміт сыйлап отыр. Халық заңды, өз құқығын түсіне бастады. Сондықтан ре­фе­рендумнан кейін елдің бұл жөнінде түсінігі кеңейіп, мемлекетшілдігіміз кү­шейіп, ауызбірлігіміз арта түсетініне сенімім мол. Сондай-ақ мемлекет өз аза­маттарының мәселесін лайықты шешіп, билік пен халық арасындағы бай­ланыс нығая түсетініне сенгім келеді.