Оралдық студент жүкті әйелді көлікте босандырды (ВИДЕО)

Оралдық студент жүкті әйелді көлікте босандырды (ВИДЕО)

Оралдық студент жүкті әйелді көлікте босандырды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырып алған деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. «Жедел жәрдем» бригадасына қала маңындағы Деркөл ауылынан шақырту түскен. Көмекке асыққан санитар-студент жүкті келіншектің үйіне «Жедел жәрдем» бригадасымен 10 минутта барғанымен, перзентханаға жетіп үлгірмепті. Жедел жәрдем бригадасының құрамында тәжірибе жинақтап жүрген студент толғағы күшейген келіншекті дереу босандырып алады, сәбидің кіндігін де өздері кесіпті. Бүгінде сәбидің денсаулығы жақсы, ертең перзентханадан шығарады.
«Менің тәжірибеден өту кезінде бұған дейін осындай екі жағдай болған. Бұл жолы да асықпай, өзіміздің қолдан келетін көмегімізді көрсетіп, барлығын алгоритм түрінде жүргіздік», - дейді студент Айсұлтан Нұрышев.
Айта кетсек, өмірге келген қыз баланың салмағы 3 келі, бойы 52 сантиметр.