Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады
ашық дереккөзі
Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстаннан Грек Республикасы арасында жаңа әуе рейсі ашылады деп хабарлады turkystan.kz Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиация саласында жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO ұшағымен орындалады.