Түркістанда құжатсыз көлік жүргізген түлектер ұсталды

Түркістанда құжатсыз көлік жүргізген түлектер ұсталды

Түркістанда құжатсыз көлік жүргізген түлектер ұсталды
ашық дереккөзі

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы рейдтік шарасы кезінде құжатсыз көлік жүргізген 3 мектеп бітіруші түлек ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.

«Кәмелет жасына толмаған мектеп бітірушілер құжатсыз автокөлік жүргізген, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырылды. Жасөспірімдер айдаған екі көлік ресейлік нөмірмен болған», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік айдаған 2 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жауапқа тартылды. Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды. «Соңғы қоңырау» күніне арналған арнайы рейдтік шара түнгі мезгілде де жалғасады.