Әуе компаниялары кешіктірілген рейс үшін өтемақы төлеуге міндеттелді

Әуе компаниялары кешіктірілген рейс үшін өтемақы төлеуге міндеттелді

Әуе компаниялары кешіктірілген рейс үшін өтемақы төлеуге міндеттелді
ашық дереккөзі
Қазақстандық әуе компаниялар рейстер кешіксе, өтемақы төлеуге міндетті болады деп хабарлады turkystan.kz.
 
«Жиі кешігетін жекелеген әуе компаниялары бар. Бұл оларды тәртіпке салады деп үміттенеміз. Рейстің әр кешіккен сағаты үшін жолаушылар билет құнының 3 пайызын алады. Бірақ билет құнынан көп болмайды», – деді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.
Бұл түзетуді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысының бірінші оқылымында мақұлдап, көлік мәселелері туралы заң жобасына енгізді.