Жаңалықтар

Павлодарда 9 жасар баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Павлодарда 9 жасар баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

25 мамырда сағат 9:53-те полицияға Толстой көшесінде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде тоғыз жасар баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама түсті. Жүргізуші 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

- Жеткіншек жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады патрульдік полиция батальонындағылар.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2012 жылы туған балаға сол жақ білек буынының жарақаты диагнозы қойылған. Ол амбулаториялық ем алуға жіберілді.