Оқушы қыз өзі оқитын мектепке бомба қойған

Оқушы қыз өзі оқитын мектепке бомба қойған

Оқушы қыз өзі оқитын мектепке бомба қойған
ашық дереккөзі
Көкшетаудағы №2 орта мектепте қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Полицейлер құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының Полиция департаменті хабарлады деп мәлімдеді turkystan.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, жарылғыш затты мектептегі оқушы қыздардың бірі әзірлеген. Оның айтуынша, жарылғыш затты мектепте оқығысы келмегені үшін жасаған. Ювеналды полиция қызметкерлері бұл мәселе бойынша қосымша тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Еске салсақ, 24 мамыр күні сағат 17:50-де Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі полицияға қоймадан қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат – сым салынған қаңылтыр банка табылды деген хабармен жүгінген. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, оқу орнынан барлығын – 20 мұғалім мен мектептің 10 техникалық қызметкерін сыртқа шығарды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, анықталған құрылғыны орнында жою туралы шешім қабылданды – қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпсіз қашықтықта жарды.