Әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді

Әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді

Әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді
ашық дереккөзі
Әлемнің үздік университеттерінің мәртебелі академиялық рейтингіне Қазақстаннан бір ғана жоғары оқу орны кірді деп хабарлады turkystan.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап. Биыл әлемдегі 20 мыңға жуық жоғары оқу орны бағалаудан өтіп, оның ішінде үздік 2 мың университет іріктеп алынған. Дәл осы тізімге елімізден тек Назарбаев университеті (әлемнің 19,8 мфың ЖОО-лары арасындағы ТОП-2000 ішінде 1765 орында тұр) ғана кіріп отыр. Назарбаев университеті - тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен бірге Орта Азия елдерінен аталған рейтингке кірген жалғыз жоғары оқу орны.
«ТМД елдерінің ішінде бұл рейтингке Ресейдің 42, Украинаның 6, Беларусьтің 2 университеті, ал түркі мемлекеттерінің ішінде Түркияның бірден 56 жоғары оқу орны кірген. Әлемнің үздік 5 университеті қатарында АҚШ-тың Гарвард университеті, Массачусетс технология университеті, Стэнфорд университеті, Британияның Кембридж бен Оксфорд университеттері бар», - делінген хабарламада.