Қараусыз қалған гараждан граната табылды

Қараусыз қалған гараждан граната табылды

Қараусыз қалған гараждан граната табылды
ашық дереккөзі
24 мамырда сағат 14:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы Авиатор-3 гараж кооперативінде қараусыз қалған гаражды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Арнайы бөлімше саперлері табылған гранатаны болжам бойынша Ф-1 әскери гранатасы екендігін анықтады. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция гараждың бұрынғы иесін анықтап жатыр. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.