Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын 270 метрлік құпия туннель табылды (ВИДЕО)

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын 270 метрлік құпия туннель табылды (ВИДЕО)

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын 270 метрлік құпия туннель табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ош облысында Өзбекстанға апаратын құпия туннельді тапты деп хабарлады turkystan.kz. Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы жерасты туннелі анықталды. Комитет мәліметінше, жедел-тергеу шаралары барысында жеке үй аумағында 270 метрлік жерасты өткелі табылған.
«Оның тереңдігі – 15 метр. Туннельге кіру – 1,8 метр, ені – 1,5 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейін 40 метр», – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде туннель анықталған учаскенің иесіне қатысты тергеу жүргізу жоспарланып отыр.
«Жердің иесі Жалал-Абад облысы Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында болуына байланысты оның ақыл-есінің кемдігіне қайта зерттеу жүргізіледі», – деп жазылған хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от TRT на русском | НОВОСТИ (@trtrussian)

 width=  width=