Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады
Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады
Мәжіліс қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізетін болады деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл заң жобаларын Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Парламентінің депутаттары әзірледі. Заң жобаларының негізгі мақсаты азаматтардың мүліктерінің қорғалуын арттыру және қаржы пирамидаларының қызметін олардың бастапқы сатысында тоқтату болып табылады», − деді Құсайынов.
Оның айтуынша, заң жобалары бойынша қорытындыны 2022 жылғы 16 қарашаға дейін дайындалады.