Жаңалықтар

GGG мен «Канело» арасындағы айқастың өтетін күні белгілі болды

ашық дереккөзі

GGG мен «Канело» арасындағы айқастың өтетін күні белгілі болды

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. Кезекті кездесу 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды. «Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше» деп жазды Головкин.