1 000 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд жасады (ВИДЕО)

1 000 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд жасады (ВИДЕО)

1 000 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген күй кеші Гиннестің рекордтар кітабына тіркеледі деп хабарлады turkystan.kz. Еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізген домбыра сабағына 1 032 оқушы қатысқан. Көрермендер балалардың орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» күйлерін тамашалады. Айта кетсек, бір мектептің 1 000 оқушысы ұлттық музыкалық аспапта бірге күй шертуі алғаш рет тіркелген. Сол себепті, Гиннесс кітабының өкілдері онлайн форматта орындаушыларға бақылау жүргізді. Кеш соңында әр қатысушыға оны растайтын сертификат табысталды.