Молдованың экс-президенті сатқындық жасады деген күдікке ілінді

Молдованың экс-президенті сатқындық жасады деген күдікке ілінді

Молдованың экс-президенті сатқындық жасады деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен 72 сағатқа ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. «Sputnik Молдова» ақпараты бойынша, тергеу қылмыстық іс шеңберінде төрт бап бойынша жүргізіледі: пассивті сыбайлас жемқорлық, саяси партияның қылмыстық ұйымнан қаржы алуы, заңсыз баю және мемлекетке опасыздық жасау. Молдованың экс-президентіне тиесілі үй мен кейбір үй-жайларда тінту жүргізілген.
«Тергеу шаралары жалғасуда. Ол 72 сағатқа ұсталды», - деді Молдова Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Марианна Керпек.
Молдованың Бас прокуратурасы 18 мамырда Игорь Додонға қарсы қылмыстық іс қозғаған. Ол кәсіпкерден ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген.