ҰБТ: 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

ҰБТ: 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

ҰБТ: 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды
ашық дереккөзі
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Оның ішінде түлектердің 71,2%-ы қазақ тілінде, 28,7%-ы орыс тілінде, 0,09%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті деп хабарлады turkystan.kz Білім министрлігіне сілтеме жасап. Бірінші аптада ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 69 бала қатысты. Айта кетсек, биыл ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тест тапсырмаларын орындауға негізгі 240 минуттан бөлек қосымша 40 минут берілген. Сонымен қатар, олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды. ҰБТ-ның алғашқы аптасында шекті балды 69%-ға жуық талапкер жинады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 5%-ға жоғары. Орташа балға келетін болсақ, ол 65 балды құрады.
«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына ең жоғары нәтижесін ұсына алады. Бұл түлектер үшін одан да ыңғайлы моральдық жағдайды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, наурыз айындағы ҰБТ-дан бастап енгізілген жеке тақырыптық талдау ҰБТ-ның екінші мүмкіндігіне жақсы дайындалуға көмектеседі. Талапкерлердің жеке кабинетінде нәтижесі бар сертификат қана емес, сондай-ақ әр пәннен барлық тақырып бойынша талдау қолжетімді. Жеке тақырыптық талдау тестіленушіге әр тақырыпты меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді», – деді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.