Жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

Мәдениет және спорт министрі тұңғыш Кубогінің жеңімпаздары анықталды

22-24 мамыр аралығында Елордадағы   Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Мәдениет және спорт министрінің Кубогы үшін турнирдің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа еліміздің спорт интернаттары мен колледждерінің 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдері қатысты. Мәдениет және спорт министрі  Дәурен Абаев салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, жарыстың ақтық кезеңін бақылады, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыстады. 1-4 мамыр аралығында өткен іріктеу кезеңіне республиканың барлық өңірінен 17 команда қатысқанын атап өту маңызды. Өңірлік турнир Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Тараз қалаларында өтті. Финалдық кезеңде медальдар спорттың төрт түрі бойынша ойнатылды: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес. Министрдің дебюттік Кубогының жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды. 1 орын - 5 миллион, 2 орын – 3 миллион, 3 орын – 2 миллион теңге.