Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы туу көрсеткішінің рекордын жаңартты

Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы туу көрсеткішінің рекордын жаңартты

Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы туу көрсеткішінің рекордын жаңартты
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы мен шектеулердің бір пайдалы тұсы - елімізде бала туу көрсеткішінің артуы. 2021 жылы Қазақстанда «коронавирусқа дейінгі кезеңмен» салыстырғанда 11%-ға көбірек бала дүниеге келген деп хабарлады turkystan.kz. Елімізде беби-бум 2020 жылы басталды деуге болады. Бұл жылы елде 426,8 мың нәресте дүние есігін ашқан. Ал 2021 жылы бұл рекорд жаңарып, 446,5 мың балаға дейін жеткен. Ал биылғы жылдың үш айында 95,6 мың туу туралы акт тіркелді. Яғни беби-бум 2022-де де жалғасын табуда. Бала туу коэффициенті бойынша 2021 жылы жаңа рекорд орнады: әрбір 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған сәбиден келеді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, осыдан 20 жыл бұрын 149 баладан келетін еді. Сондай-ақ, туудың қосынды коэффициенті 3,32-ге жетті, басқаша айтар болсақ, енді бір әйелге кемі үш баладан келеді. Мұндай рекордты көрсеткіш Қазақстанда тек соңғы екі жылда тіркелген. Салыстырсақ: 1999 жылы коэффициент небәрі 1,8-ді құраған болатын. Яғни екінші баланың өзін барлық әйелдер тумаған. Атап өтерлік жайт, 2021 жылы дүниеге келген балалардың 28%-ы, яғни 125,1 мың бала көпбалалы отбасында туған. Оның ішінде 95 сәби бала саны оннан асатын отбасын толықтырған.