Броконьердің қолынан қаза тапқан инспекторға ескерткіш орнатылуы мүмкін (ВИДЕО)

Броконьердің қолынан қаза тапқан инспекторға ескерткіш орнатылуы мүмкін (ВИДЕО)

Броконьердің қолынан қаза тапқан инспекторға ескерткіш орнатылуы мүмкін (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде белгілі эко-белсенді Сәкен Ділдахмет  броконьерлердің қолынан қаза тапқан табиғат жанашыры Ерлан Нұрғалиевке елорда төрінде ерекше әдіспен ескерткіш орнатуды ұсынды деп жазды turkystan.kz.

«Сіздерге бір бұйымтайым бар. Еліміздің батыр азаматы Ерлан Нұрғалиевтің және осы салада қаза тапқан басқа да инспекторлардың, қазақ даласының саф алтыны - ақбөкенді қорғап жүрген бүгінгі инспекторлардың құрметіне ескерткішті краундфандинг жолымен орнатсақ деген ұсынысым бар. Ескерткіш заманауи дизайнда, мән-мағынасы бар үлгіде жасалатын болады. Орнатылатын орны ретінде астанамыздың Ботаникалық бағын ұсынамын. Оған әкімдік пен Экология министрлігі қолдау білдіреді деген үміттемін. Арамызда жомарт, меценат кісілер қолдау білдіремін десе, мархабат!» деп жазды Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасында.