Ұлттық банк: салондағы көлік тапшылығы автонесиеге кесірін тигізді

Ұлттық банк: салондағы көлік тапшылығы автонесиеге кесірін тигізді

Ұлттық банк: салондағы көлік тапшылығы автонесиеге кесірін тигізді
ашық дереккөзі
Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін тигізді деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Автокредитке деген сұраныстың төмендеуі - жеңілдетілген кредиттеу бағдарламаларының болмауымен байланысты. Ал салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге теріс әсер етті. Биылғы I тоқсандағы жағдай бойынша, автокөлікке мақұлданған кредит өтінім үлесі 13%-дан 10%-ға дейін төмендеді. Оның үстіне автокредиттеу талаптары қатаңдатылған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ II тоқсанда іске қосылатын жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы аясында траншты алу жоспарланғанмен, банктер автокредиттеуге қатысты сұраныстың азаятыны болжануда. Оның үстіне банктер бөлшек кредиттеудің барлық сегменті бойынша талаптарды күшейтпек.