Бір вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісімен ұсталған

Бір вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісімен ұсталған

Бір вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісімен ұсталған
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері 1 вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
 «Бүгін мен Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысының нәтижесін баяндадым. Жыл басынан бері елімізде бір мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактілері тіркеліп, 600-ден астам тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 1 вице-министр, 2 судья, 3 генерал бар. Президенттің елімізде тәртіп орнату, экономикамызды монополиядан босату туралы тікелей тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 220 млрд теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды», - деді агенттік басшысы Борт №1 арнасында жарияланған шағын сұхбатта.
Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша да белсенді жұмыс атқарылып келе жатыр.
«Жақында ғана агенттік қызметкерлері Көліктік бақылау комитетінің жұмысын талдады және құзыретті органдарға тиісті ұсыныстар енгізді. Мемлекет басшысы баяндамамды мұқият тыңдап, агенттіктің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді», - деді Олжас Бектенов.
Айта кетсек, бүгін Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады.