5-сынып оқушысы өзінен кішкентай балаларды зорлап келген

5-сынып оқушысы өзінен кішкентай балаларды зорлап келген

5-сынып оқушысы өзінен кішкентай балаларды зорлап келген
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында бір мектептің екі баласын жоғары сынып оқушысы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Ал, жергілікті билік шара қолданудың орнына көз жұма қарауға көндіріп әлек. Енді ата-аналар зәбір көрді деген балаларын мектепке жіберуге үзілді-кесілді қарсы болып отыр, деп хабарлады turkystan.kz. 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. Қорлық көрді деген жеткіншектің бірі бірінші, екіншісі үшінші сыныпта оқиды екен. Оқушылардың бірінің әкесі баланың бойындағы өзгерісті соңғы кезде үлкен дәретін жіберіп қоятын жағдайға жеткен кезде байқағанын айтады.
«Үлкен дәрет жіберетін жағына зақым келді деп ойлаймын. Себебі балам өзгеріп кеткен. Бойына жіберсе, мен жібердім деп айтатын болды», – дейді жәбірленушінің әкесі.
Әуел баста секеміне сенбеген әкесі сөз суыртпақтап көрген. Сөзінше, кейін баласы болған жайды, оқиға орнын тәптіштеп айтып берген. Ауыл ішіндегі ескі қора мен іргетастың ішінде бұл жағдай былтырдан бері тұрақты жалғасып келген дейді. Ұлының сөзінен жәбір көрген жалғыз өзінің баласы емес екенін ұққанын айтады. Оқушы өзінен екі жас үлкен тағы бір ауылдасын айтып қалыпты. Азаматтың айтуынша, үшінші сыныпта оқитын ол оқушы да бұл жағдайды сол қалпында растапты.
«Бізде кафе бар ғой бұзылған. Сол жаққа апарып тиіседі. Жыныс мүшесін көрсетеді екен. Біз негізінде ешкімге жала жауып отырған жоқпыз. Не мектепке, не ата-анасына, не балаға. Тек ақ-қарасын анықтағымыз келеді. Баланың құқығын қорғаса екен дейміз», – деді жәбірленушінің анасы.
Ашулы ата-аналар жергілікті билік болған жайтты басқа арнаға бұрып әлек екенін айтады. У-шусыз шешіміне де көнген. Тек зәбір көрсеткен оқушымен бір мектепте оқуға түбегейлі қарсылықтарын білдіріпті.  Бірақ, бұл талапты елемей, болған оқиғаны жылы жаба салуға жанталасып жатыр дейді.
«Талабым: ауылда бала көз алдымда жүрмесе екен деймін. Ол көшіп кету керек. Өйткені балалар бір-бірін көрмесе екен деймін», – деп қосты жәбірленушінің әкесі.
Қазір осы іске қатысты ішкі істер бөліміне шағым түскен. Бірақ сараптама расталмай іс қозғауға әлі ерте дейді. «Байзақ ауданының полиция бөлімімен тексеру жұмыстары басталды. Кәмелетке толмаған 6 және 8 жастағы балалар аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, оларды тексеру барысында жарақат белгілері анықталмаған. Алайда, олардың ата-аналарынан арыз алынып, тіркелді. Қазіргі уақытта 10 жасар 5-сынып оқушысына қатысты тексеру амалдары жүргізілуде, қосымша аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар комиссиясында қаралатын болады», – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.