Қонаевта 12 жастағы қызды тонап кетті

Алматы облысы Қонаев қаласында 12 жастағы қызға шабуыл жасап, оны тонаған ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 мамырда 36 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 12 жастағы қызын тонап кеткені туралы арызбен жүгінген. Мектеп оқушысына көпқабатты тұрғын үй кіреберісінде ер адам қоқан-лоққы көрсетіп, ұялы телефон мен құлаққабын тартып алған.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Қылмыскер қала маңындағы Заречный кентінің 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button