Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
ашық дереккөзі
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасыны қарсыластары анықталды Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 19 жасқа дейінгі жасөспірім құрамалары арасында Еуропа Чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Словакия, Уэльс және Түркия құрамаларымен бір топқа түсті. Іріктеу турнирінің ойындары 2017 жылдың 7-13 қарашасында Түркияның Анталия қаласында өтеді. Элиталық кезеңге әр топтан екі үздік команда шығады. Сонымен қатар, үшінші орын алған төрт үздік команда жолдама алады. Финалдық кезең 2018 жылдың мамырында Англияда өтеді.  17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары белгілі болды Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2018 жылғы Еуропа Чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Франция, Словения және Беларусь құрамаларына алтыншы топқа түсті. Іріктеу турнирінің матчтары 2017 жылдың 19-25 қазан аралығында Беларусь елінде өтеді. Жарыстың келесі кезеңіне әр топтан екі команда шығады. Еуро-2018 чемпионатының финалдық кезеңін Финляндия қабылдайды.