Азамат Батырбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

Азамат Батырбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

Азамат Батырбаевқа қатысты тың ақпарат шықты
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Азамат Батырбаевқа қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Алайда прокуратураның мәліметінше, бұл ақпарат жалған деп хабарлады turkystan.kz «Мұнда qara» Telegram арнасына сілтеме жасап.
«Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз!» - делінген telegram хабарламасында.
Еске сала кетсек, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғанда Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысқан Азамат Батырбаев құқық қорғаушылар қыздырылған үтікпен азаптағаны туралы жазғанбыз. Ал Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген азамат ақыры қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеген еді.   Тағы оқи отырыңыз: Азамат Батырбаевты үтік басып азаптаған полицей ұсталды