Ақмолада зираттарды су басып, марқұмдардың сүйегі жер бетіне шығып жатыр (ВИДЕО)

Ақмолада зираттарды су басып, марқұмдардың сүйегі жер бетіне шығып жатыр (ВИДЕО)

Ақмолада зираттарды су басып, марқұмдардың сүйегі жер бетіне шығып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Қошқарбаев ауылы маңындағы зиратты су басып, марқұмдардың сүйегі жер бетіне шығып жатыр деп хабарлады turkystan.kz «Алматы» телеарнасына  сілтеме жасап. Тұрғындардың айтуынша, қанша дабыл қаққанмен, әкімдік еш әрекет етпейді. Ал аймақ басшылары мазарды қорғауға қазынадан қаражат таппай жатқандарын жеткізді. Бұл зират елордадан 40 шақырым жерде орналасқан. Нұра өзені арнасынан асып тасығанда су басып, марқұмдардың сүйегін шайып кетіп жатыр. Жақындары жерленген зираттың жағдайына алаңдаған жұртшылықтың амалы таусылған. Су жер бетіне шығарып тастаған сүйектерді қайта көміп отырамыз дейді.
«Жылда қолға ілінгенін, көзге көрінгенін осы зираттың жанында, ауылдың азаматтары имаммен, әкімшілікпен бірге келіп, сүйектерді жинап дұғасын оқып, қайтадан зираттың бұрышына көміп жатыр. Жүрегімізді ауыртады», – деді Р. Қошқарбаев ауылының тұрғыны Сейіт Ыбыраев.
Мәселе 5 жыл бұрын басталған. Өзен арнасының өзгеруіне елордадағы құрылыс компанияларының заңсыз әрекеттері себеп болыпты. Олар қаражат үнемдеу мақсатында тегін тас пен топырақ алып, соңы осындай проблемаға әкеп соққанын айтады. Ал өзен суын тұрғындар қажеттіліктеріне де қолданады екен.
«Сол суды біз огородқа қолданамыз. Балалар шомылады. Жаз бойы сол көпірдің жанында қаладан, басқа жерлерден демалуға келетін адамдар бар. Сол судың астында балыққа қарағанда адамның сүйегі көп. Ол талай дәлелденген», – деді Р. Қошқарбаев ауылының тұрғыны Сейіт Ыбыраев.