Өзбекстанда полиция қызметкерлері туристерге қарсы электрошокер қолданған
Өзбекстанда полиция қызметкерлері туристерге қарсы электрошокер қолданған
Самарқанда шетел туристеріне қарсы заңсыз әрекеттерге барған құқық қорғау қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Өзбекстан ІІМ баспасөз хатшысы Шохрух Гиясов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
Баспасөз хатшысының мәліметінше, 21 мамырға қараған түні Самарқанд қаласында жол қозғалысы қызметінің өкілдері көрші елден келген туристердің мекен-жайын анықтау үшін оларға қарсы электрошокер қолданған.
Дегенмен туристердің нақты қай елден келгені жайлы айтылмады. Жергілікті басылымдардың сөзінше, туристер арасында Қазақстан азаматтары болған. Олардың жанында барлық құжаттары бар екеніне қарамастан, құқық қорғау қызметкерлері туристерді ұстап, тергеуге алған.
ІІМ прокуратурамен бірлесіп, бұл іс бойынша тергеуді бастағанын хабарлады. Тергеу нәтижесінен кейін бұл іске жауапты барлық қызметкерлер мен олардың басшылары қызметінен алынатыны айтылды.