Астанада 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр (ФОТО)

Астанада 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр (ФОТО)

Астанада 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр (ФОТО)
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында осыдан бір апта бұрын үйінен шығып кеткен Бекетова Жамал есімді 17 жастағы қыз табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желілерге тараған хабарды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті растап, қыз баланы іздестіру әлі жүріп жатқанын мәлімдеді. Таратылған ақпаратқа қарағанда, 2005 жылы туған жасөспірім 16 мамыр күні үйінен футбол ойнауға шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Үстіне қара футболка, қара трико, аяғына сұр кроссовка киген. Жасөспірім қызға қатысты дерек білетін азаматтар астана еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланған +77759126620, +77014926249 телефон нөмірлеріне немесе 102-ге қоңырау соғуына болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ОО "Волонтеры Астаны LIDER.KZ" (@_astana_volontery_lider.kz)