Тойда шпагатқа отырған әженің видеосы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Тойда шпагатқа отырған әженің видеосы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Тойда шпагатқа отырған әженің видеосы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде ақ жаулықты әжейдің тойда шпагатқа отырған видеосы тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Видеодан ақ жаулық тағып, қазақы қамзол киген үлкен кісінің билеп жүріп шпагатқа отырған сәті жұртты таңғалдырды. Асаба да, той қонақтары да күтпеген көрініске қайран қалып, шапалақ ұрып жатқанын көруге болады. Дегенмен, желі қолданушылары екі түрлі пікір білдіріп, бірі әжейдің тың қалпына таңдай қақса, енді бірі сынға алып, қарияның қымсынбағанына реніш білдірген. Желі қолданушылары видеоға қатысты әртүрлі пікір білдірді.
 «Ұят-ай, масқара», «Үлгі алатын үлкендеріміз осылай істесе, жетіскен екенбіз», «Қартайған шағында бір ойрандап қалайын деп ойлаған шығар. Онда тұрған не бар?» - деп желі қолданушылары пікір қалдырып жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)