Алматы - Өскемен тас жолына қатысты тергеу басталды

Алматы - Өскемен тас жолына қатысты тергеу басталды

Алматы - Өскемен тас жолына қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі
ҚазАвтоЖол Алматы - Өскемен тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша тергеу бастады деп хабарлады turkystan.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құбырдың шайылу фактісі кеше «Алматы-Өскемен» тас жолында (393 және 395 шақырымдарында) орын алды. Компания мәліметінше, жолдың кең арнасына диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған.
«Құқықбұзушылық фактісі анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады. Бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалды», - делінген хабарламада.
Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласының «Қаздорпроект» ЖШС әзірледі және «ҚазАвтоЖол» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», «ГК Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған.
«Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты. Осындай жағдайды алдағы уақытта болдырмай, алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар жолдардағы құбырлар мен мал өткелдеріне ревизия жүргізіліп жатыр. Қазір учаскеде қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Бүгінде жол учаскесінде тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды. Учаске  жабық тұр. Ол жерге 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды. Тағы да оқи отырыңыз: Талдықорған - Үшарал жолын су шайып кетті (ВИДЕО)