Бағдат Мусин Ораз Жандосовқа ұсыныс жасады

Бағдат Мусин Ораз Жандосовқа ұсыныс жасады

Бағдат Мусин Ораз Жандосовқа ұсыныс жасады
ашық дереккөзі
Бұрынғы вице-премьер, Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Бағдат Мусиннің Facebook-парақшасында хабарлады. Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін айтады.
«Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі - Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым», - делінген жазбада.