Жаңалықтар

Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

ашық дереккөзі

Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады vesti.kz Головкин бұл атаққа қарсыластарын көбірек нокаутпен жеңгенінің арқасында ие болды. Қазақстандық боксшының еншісінде 36 кездесуде 36 жеңіс, оның 33-ін нокаутпен жеңген. Осылайша, оның пайыздық көрсеткіші 91,67-ге тең. Бұл орта салмақтағы әлем чемпиондарының арасындағы үздік нәтиже болып есептеледі. Гиннестің рекордтар кітабының куәлігін қазақстандық спортшы Голливдта өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 54-ші конвенциясында алды. Сонымен қатар, бұл іс-шарада ол қосымша екі сыйлыққа ие болды. Аталған кеңес британиялық Келл Брукпен арадағы жекпе-жекті «Жыл оқиғасы» деп таныды, сондай-ақ мерейі үстем боксшы ретінде арнайы сыймен марапаттады.