Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді

Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді
ашық дереккөзі
Турнир кестесіне сәйкес, алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында. Оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада жалпы саны 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола деп хабарлады turkystan.kz.
«Еліміздің құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енді. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында», - деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, оқушылар жеңіл атлетика, дзюдо, таэквондо, жүзу, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Оқушылар арасындағы Дүниежүзілік спорттық олимпиада Францияның Нормандия қаласында өткен болатын.
«Оқушыларымыз гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты. Оқушыларымызды әлемдік гимназиададағы жеңістерімен құттықтаймын. Әрине, бұл жүлделер – дайындықтың, табандылықтың, еңбектің, тәртіп пен талпыныстың жемісі. Әуежайда балаларға үлкен үміт артып, шығарып салған едік және сіздер оны ақтай білдіңіздер», - деді министр.
Сонымен қатар, министр ұстаздарға, жаттықтырушылар мен ата-аналарға өз алғысын айтты.