ІІМ паспорттағы чипке қатысты түсініктеме берді
ІІМ паспорттағы чипке қатысты түсініктеме берді
ІІМ төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған Instagram желісінде тараған видео себеп болды. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады»,- деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.
«Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», - деді министрлік өкілі.
Тағы да оқи отырыңыз: «Бізді бақылайды»: қазақстандықтарды төлқұжаттағы чип дүрліктірді (ВИДЕО)