Қостанайлық полицейлер 9-қабаттан секірмек болған азаматты құтқарды

Қостанайлық полицейлер 9-қабаттан секірмек болған азаматты құтқарды

Қостанайлық полицейлер  9-қабаттан секірмек болған азаматты құтқарды
ашық дереккөзі

Бұл жағдай кеше кешкісін болған. Қостанай облысы, Лисаков тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін 9 қабатты үйдің төбесіне көтеріліп, секірмек болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнына келген полицейлер үйдің шатырына көтеріліп, 30 жастағы қала тұрғынын оқыс қадам жасамауға шақырған. Азаматтың бұл әрекетінің себебі әйелімен жанжал болғанын жеткізген.

«Мұндай жағдайда салы суға кеткен адамдармен келіссөз жүргізе білу керек. Біріншіден, мотивация қажет. Көбіне адамдар жақын адамдарымен сөйлескісі келеді. Біз де солай жасадық. Жәбірленушіден бізге ата-анасының нөмірін беруді сұрадық», - деді Қостанай полиция қызметкерлерінің бірі.

Полиция  ер адамның ата-анасына хабарласып, сәл қулыққа басқан. Олар телефонды азаматқа бергісі келетіндерін айтып, қолын соза бергенде тәртіп сақшыларының бірі жас жігітті қолынан тартып қалып, шатырдың шетінен сүйреп әкеткен. Осылайша, азамат аман қалды.