Жанкүйерлер құлаған шатыр астынан көк Туды алып шықты (ВИДЕО)

Жанкүйерлер құлаған шатыр астынан көк Туды алып шықты (ВИДЕО)

Жанкүйерлер құлаған шатыр астынан көк Туды алып шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
21 мамырда Шымкентте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турында ауа райының қолайсыздығы салдарынан стадионның шатыры ұшып кетіп, алаңға түскен. Құлаған шатыр көк Туды жапырып кеткенін байқаған кейбір жігіттер, оны көтеруге тұра ұмтылған деп хабарлады turkystan.kz. Шатыр құлаған уақытта стадиондағы халық бас сауғалап жапа-тармағай қашқан. Алайда, әлеуметтік желілерде тараған видеодан бірнеше азаматтың қиранды астынан Туды шығарып жатқанын байқауға болады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

Айта кетсек, оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Аталған жәйт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы «сапасыз құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.