Жаңалықтар

350-ден астам қазақстандық өндіруші Ulttyq Onim көрмесіне қатысты

ашық дереккөзі

350-ден астам қазақстандық өндіруші Ulttyq Onim көрмесіне қатысты

Елорданың Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, оның ішінде Astana Invest қолдауымен қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі өтті деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Іс-шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырған. Көрмеде азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының 350 компаниясы, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірушілер таныстырылды. Олар елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін көрсетті. Іс-шара аясында «Халық Таңдауы» тәуелсіз дегустациялық конкурсы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер және ерлер киімдерінің топтамалары ұйымдастырылды. Сол сияқты көрме қатысушылары арасында күнделікті ұтыс ойындары өткізілді. «Ulttyq Onim көрме-жәрмеңкесін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оның негізгі идеясы – Қазақстанда өндірілген өнімдерді дамыту. Іс-шараға экономикамыздың түрлі салаларында өнім өндіретін 350-ден астам кәсіпорын қатысты. Оның ішінде 45-тен астамы – біздің экономикамыздың 8 саласының өкілі болып саналатын Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындары, сондай-ақ ұлттық өнімдерімізді дамытатын қолөнершілер. Бұл алаң отандық өнімдерді дамыту үшін өте пайдалы, оны халық арасында танымал ету үшін, бұл да өте маңызды, сондай-ақ одан әрі экспортқа бағытталу үшін де маңызды», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев.