Жаңалықтар

Үміт Шаяхметова – жыл банкирі

ашық дереккөзі

Үміт Шаяхметова – жыл банкирі

«Халық банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова International Banker халықаралық басылымының «Шығыс Еуропадағы жыл банкирі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Халық банк Қазақстандағы үздік банктік топ ретінде марапатқа ие болды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 7kun.kz хабарлады. Басылым Шаяхметованың басқару стилі  ұтымды, көрегенді және стратегиялық тексеріске негізделгенін, оны Halyk Group-тың қаржылық нәтижелерінен байқауға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, сарапшылар Үміт Шаяхметова банк бизнесі мен клиенттердің қажеттіліктерін терең түсіне алады және қаржы секторында қалыптасқан тәжірибесі бар деп есептейді. International Banker сарапшыларының сөзінше, қазіргі кезе Қазақстанның банк секторындағы жағдай оңай емес, ал банктер қиын кезеңде жұмыс істеуде. Сондықтан Халық банкті Қазақстандағы банк ісінде үлгі етуге болады. Банк бизнестің барлық салаларында баланстың өсуін бақылап және несие портфелінің сапасын сақтап қалу үшін жұмыс істеп отыр. Айта кетейік, Үміт Шаяхметова Халық банкті 2009 жылдан бері басқарып келеді.