«Қазағым аман болғай!»: Иманғали Тасмағамбетов сахнада сөз сөйледі (ВИДЕО)

«Қазағым аман болғай!»: Иманғали Тасмағамбетов сахнада сөз сөйледі (ВИДЕО)

«Қазағым аман болғай!»: Иманғали Тасмағамбетов сахнада сөз сөйледі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда «Домбыра-Дастан» балалар мен жасөспірімдер арасындағы бірінші республикалық домбырашылар байқауы өтті. Аталған сайысқа бұрынғы саясаткер Иманғали Тасмағамбетов қонақ болып келген деп жазды turkystan.kz. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен залында ұйымдастырылған гала-концертте Иманғали Тасмағамбетов сахнаға көтеріліп, сөз сөйлеген. Иманғали Тасмағамбетов Бұл жайында әлеуметтік желіде белсенді азамат Серік-Аббас-шах ақпарат таратты.
«Бүгін өз мәресіне жетіп отырған байқау нені көрсетті? Ең алдымен домбыраның құлағында ойнайтын жастарымыздың көптігін көрсетті. Бұл – қуантарлық жағдай. Олай болса, ең басты міндетіміз - ұлы дәстүрімізді сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп, табыстау. Жас таланттарымыздың, жас күйшілеріміздің өнерлері үстем болғай! Әр домбыра ұстап жүрген қазағым аман болғай! Домбыра - қазақтың асыл қазынасы, ең ардақты құндылықтың бірі. Алты мың жылдық тарихы бар ескі аспап. Сондықтан да бұрынғы заманнан бастап, әр қазақтың үйінің төрінде домбыра ілініп тұрған. Жай тұрмай, сол шаңырақтың ең болмаса бір баласы содан күй шерткен», - деді Иманғали Тасмағамбетов сахна төрінде.