Түркістанда дала кезіп жүрген өзбектер ұсталды

Түркістанда дала кезіп жүрген өзбектер ұсталды

Түркістанда дала кезіп жүрген өзбектер ұсталды
ашық дереккөзі
Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерде өсетін, емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 өзбекстандық азаматты анықтады деп хабарлады turkystan.kz.

Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген.

«23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына 519-бап (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды» деп жазылған Түркістан облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.