Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
22 мамыр күні Алматы - Өскемен тас жолында жантүршігерлік апаттан 5 адам көз жұмды. Жол апаты нақты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында болған деп хабарлады turkystan.kz. Полицияның мәліметінше, жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп трактордың тіркемесіне соғылған.
«Nissan Cefiro автокөлігі Алматы облысы Текелі қаласынан Қалбатау ауылына қарай келе жатқан. Тас жолдың 959-шақырымында 36 жастағы көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, «Беларус 82,1» тракторының тіркемесіне соғылған», – делінген полиция хабарламасында.
Салдарынан оқиға орнында 36 жастағы жүргізуші мен 4 жолаушы тіл тартпастан жан тапсырды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша тергеу бастады.